Отандық спортшылар, елордалық оқушылар мен кездесті.
Отандық спортшылар, елордалық оқушылар мен кездесті.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист, «Еңбек даңқы» және Жанғали Нәубибуллин атындағы төсбелгінің иегері Қаршығаұлы Асантемір, сондай-ақ айтыскер ақындар Ринат Хожамуратов, Мисалбек Назар және Қазыбек Ибрахим арнайы қатысты.
Кеш барысында қонақтар өлең сөздің құдіреті, ақындықтың жауапкершілігі мен шығармашылық ізденістің мәні туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Поэзияның адам жанына әсері, сөз өнерінің қоғамдағы орны жайында терең ой қозғап, өз шығармаларынан үзінді оқыды. Оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға шынайы жауап беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Әсіресе мектептің жас ақындарының өнері көпшіліктің көңілінен шықты. Олар өз жүрекжарды жырларын оқып, кәсіби ақындардың батасын алды. Бұл сәт жас таланттар үшін үлкен мотивация, шабыттың бастауы болды.
Қалам – адамның ішкі жан дүниесін, арман-мұратын, сезімі мен сырын жеткізетін киелі құрал. Осындай кездесулер арқылы оқушылар шығармашылыққа қадам басып, рухани байлықтың мәнін тереңірек түсінеді. «Қалам құдіреті» атты әдеби кеш те жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, сөз өнеріне деген қызығушылығын арттырған мазмұнды басқосу болды.
Аталған іс-шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Амирхожаева Ж.Б., Шаймерденова А.М., және қазақ тілі кафедрасының жетекшілері ұйымдастырды.
Ұйымдастырушылардың жүйелі жұмысының нәтижесінде мазмұнды да тағылымды кездесу жоғары деңгейде өтті.
Астана қаласының 6–7-сынып оқушылары арасында қаржылық қауіпсіздік бойынша өткізілетін *”QARHYSKILL” чемпионатына №95 мектеп-лицейінің 6 “В” сынып оқушылары өз жұмыстарын ұсынды.
Жобаның мақсаты:
Оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, ақшаны тиімді басқару, онлайн қаржы алаяқтықтарынан қорғану және жеке қаржылық қауіпсіздік туралы білімдерін дамыту.
Жас ізденімпаздарға байқауда сәттілік тілейміз!
Республика күніне орай мектебімізде «Ақындар айтысы» ұйымдастырылды.
Бұл шараға оқушылар мен ұстаздар белсене қатысып, өз өнерлерін, суырып салма қабілеттерін көрсетті.
Айтыс соңында арнайы шақырылған қонақ айтыскер ақындар сахна төріне шығып, әсерлі жырларымен көрерменнің көңілін баурады.
Шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
#республикакүні #деньреспублики
Мектепте 5-сынып оқушыларының қатысуымен Республика🇰🇿 күніне арналған концерт ұйымдастырылды.
📍Оқушылар өздерінің жүрек жарды өлеңдерін оқып, ән шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Кеш өте көңілді және әсерлі өтті.
📍Бұл шараның мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және еліміздің тарихына деген құрмет сезімін қалыптастыру болды.
#республикакүні #деньреспублики
1 бет. Барлығы: 5